• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2018

Қостанайлық полицейлер Парламент депутаттарына цифрландыру жұмыстарын көрсетті

330 рет
көрсетілді

Еліміздің  Парламенті депутаттары  28 наурыз бен 6 сәуір аралығында Қостаанй облысында болып, сайлаушылармен кездеседі. Онда  халық қалаулылары Елбасының «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін сайлаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Осындай кездесудің бірінде депутаттар Бақытжан Ертаев,  Нұрлан Әбдіров, Юрий Тимощенко,Ирина Аронова, Гүлнар Бижанова облыстық ішкі істер департаментінде болып, жеке құраммен кездесті және тәртіп сақшыларының  қызметті цифрландыру үдерісіне куә болды. Оларға  азаматтармен жұмыс жүргізу залы көрсетілді. Бақытжан Ертаев мемлекеттік қызмет пайдалану  үшін келген келген азаматтармен  тілдесті. Мұнан кейін депутаттар  Қостанай қалалық ішкі істер басқармасындағы басқару орталығында болды.  Мұнда полицейлердің жқызмет бабында планшет қолданысы таныстырылды. Сонымен қатар олар «АвтоУраган» көлік жылдамдығын бақылау жүйесімен де таныс болды.

Депутаттар полицейлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай